Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының маңызды бағдары

Колледжімізде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.

Жиында колледж директоры Б. Қордашбеков Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, оның маңыздылығы мен алдағы міндеттерді түсіндірді.

Жолдау бойынша баяндаманы қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ж. Мұқтар оқып, негізгі басымдықтар мен өзекті мәселелерді кеңінен баяндады.

Талқылауға колледждің ардагер ұстаздары Тұрғанбай ұстаз, Құралбай ұстаз және Гүлзинат ұстаз қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Гүлзинат ұстаз Жолдауда көтерілген маңызды мәселелерге тоқталып, өз көзқарасын білдірді.

Іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттері де белсене қатысты.

Кездесу барысында Жолдауда айқындалған міндеттердің ел болашағы, білім беру саласы және жас ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы ерекше екені атап өтілді.


Жарияланды: 03.11.202616:28

Автор: