ОРТАҚ МЕМОРАНДУМ – ОРТАҚ МҮДДЕ

Түркістан облысының білім басқармасының «Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледж» МКҚК директоры Б.Ж.Қордашбеков пен Атырау облысының білім басқармасының «Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» МКҚК директоры Г.Е.Абенова арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты – білім беру саласында тәжірибе алмасу, білім алушылардың кәсіптік тәжірибесі мен тағылымдамасын ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру.
Ынтымақтастықтың басым бағыттары:
Білім беру, ақпараттық технологиялар және өзге салалар бойынша тәжірибе алмасу;
Білім алушылардың өндірістік тәжірибеден өтуі мен тағылымдамасын ұйымдастыру;
Білім беру бағдарламаларын дамыту және конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
Көпжақты байланыстар аясында консультациялар жүргізу және өзара қолдау көрсету;
Әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру.
Бұл серіктестік білім сапасын арттырып, болашақ мамандардың кәсіби дамуына кең мүмкіндік береді.


Жарияланды: 29.04.202613:26

Автор: