Маңызды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті!

2026 жылдың 31 наурызында колледжімізде маңызды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті!
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жоспар-кестесіне сәйкес, Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы Д.Құрманбеков атындағы №20 колледжде арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шартты өрт жағдайын жасап, студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіз эвакуациялануы, өртті сөндіру және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету әрекеттерін пысықтады.
Жаттығу барысында студенттердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдары жетілдіріліп, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Жарияланды: 17.04.202616:49

Автор: