КОЛЛЕДЖДЕ: «ИГІ БАСТАМА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»
Бүгін колледжіміздің ауласында ерекше игі іс жүзеге асырылуда. «Заречное» АҚ-ның қолдауымен ұңғымақұдық қазылуда… Бұл – тек бір инфрақұрылымдық жұмыс қана емес, табиғатқа жанашырлықтың, болашаққа деген жауапкершіліктің көрінісі. «Заречное» АҚ-ның бас директоры Нұржанов Қанат Есенгелдіұлы бастаған ұжымға осындай маңызды бастама үшін алғысымызды білдіреміз.
Еске сала кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында өткен «Таза Қазақстан» және «Жасыл аймақ – жарқын болашақ» экологиялық акциялары барысында колледж аумағында 500 түп жеміс ағашы отырғызылған еді. Бүгінгі ұңғымақұдық – сол жасыл бастамалардың жалғасы, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге жасалған тағы бір маңызды қадам.
Бірлесе атқарылған жұмыстарымыз жемісті болып, колледжіміз жасыл желекке оранып, көркейе берсін!



