Заң мен тәртіп: есірткісіз болашақ

Отырар ауданы аумағында өткізілген «ДЕМАЛЫС» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында колледж студенттерімен «Заң мен тәртіп: есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Отырар АПБ-нің анықтаушысы Қ.Сәтбаев, ювеналды полиция тобының бастығы, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев және ювеналды полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Ерденова қатысты.
Кездесу барысында студенттерге есірткінің зияны, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 


Жарияланды: 03.11.202616:45

Автор: