Ғылым және технологиялар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған “Нұр Отан” партиясы іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің тарих пәні оқытушылары Л.Өменова мен А.Әбдешбектің ұйымдастыруымен “Ғылым және технологиялар” тақырыбында ZOOM платформасында конференция өтті. Конференция барысында І курс студенттері өз ой-пікірлерін ортаға салып, оқытушылар баяндамалары тыңдалды. Студенттер Тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымы жолындағы даму жоспары мен жетістіктері туралы мағлұматтар алды.


Жарияланды: 08.06.202120:38

Автор: