1 – маусым “Балаларды қорғау күніне” орай «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы өтті
Ізгілік мектебінің жоспарына сәйкес жоба жетекшісі А.Қырғызбай мен география пәнінің оқытушысы Ж.Қабылованың ұйымдастыруымен 1 – маусым “Балаларды қорғау күніне” орай «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы өтті. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру біздің адами парызымыз екенін ұмытпау мақсатында 280 оқу тобының аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан студент А.Маратұлына қаржылай көмек көрсетті.