Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және колледждің жылдық жоспарына сәйкес, Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығы мерейтойына орай, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А.Пердебековтің жетекшілігімен колледж қызметкерлері арасында қазақтың ұлттық ойындары, арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру және де дойбыдан колледжішілік жарыс ұйымдастырылды. Сайыс нәтижесі бойынша гір тасын көтеруде Қ.Сындарқұлов 1-ші, М.Кеңесбек 2-ші, А.Құдіретов 3-ші орындарды иеленді. Қол күресі А.Арынов 1-ші, Ж.Өскенбайұлы 2-ші, М.Асанов 3-ші орын иеленді. Дойбыдан М.Асанов 1-ші, А.Тасжанов 2-ші, Б.Иманбердиев 3-ші орындарды иеленді. Арқан тартудан: Оқу өндіріс шеберлері 1-ші орын, дене шынықтыру оқытушылары 2-ші орын, әкімшілік қызметкерлер 3-ші орындарды иеленді. Жеңімпаздарды колледж директоры Т.Бейсен арнайы дипломдармен марапаттап, сәттілік тіледі.