“Қашықтықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтары”
Д. Құрманбек атындағы 20 колледжі, Жастар ұйымының жылдық жоспарына сәйкес “Жас қыран” дебаттық клубының жұмыс жоспары аясында “Қашықтықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтары” тақырыбында дебаттық сайыс өтті. Мақсаты: студенттердің креативті ойлауын, шығармашылығын, шешендік шеберлігін дамыту арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасу.
Қос тараптың бірі қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын тауып айтса, қарсылас тарап қашықтықтан оқытудың түрлі зияны барын айтып, өз ойларын ортаға салды. Әр команда өз позициясында аргументтер мен фактілерін дәлел етіп, сөз жалғастырды. Осылайша ортаға тасталған сұрақ төңірегінде барлығы да өз ойларын білдіріп, белсенділік танытты.