Иманбердиев Біржан жүлделі 1 орын
Отырар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ерлер арасында дойбыдан өткізілген жарыста Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің өндірістік оқыту шебері Иманбердиев Біржан жүлделі 1 орын алды. Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта жоғары жетістікке жете беруіне тілектеспіз.