Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Бұл кезінде қаншама жанға үміт отын сыйлап, жігер берген өлең шумақтарының үзіндісі. Биыл туындының авторы, жыр алыбы, ақын Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгеніне 175 жыл. Осыған орай Д.Құрманбек атындағы №20 колледж қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.Мұхтар мен колледж кітапхана меңгерушісі Н.Жұмабаеваның ұйымдастыруымен “Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау” атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің мақсаты – ақын шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақтың бойынан елге деген, қазақ тіліне деген рухтық сезімді ояту.
Студенттер Жамбыл атамыздың туған жерге, батырларға арналған жырларын, Ұлы Отан соғысына байланысты патриоттық өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтты.