“Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары” атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті
Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу мен дамуындағы рөлі туралы түсінікті қалыптастыру мақсатында “Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылық сабақтары” атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті.
Колледж оқытушылары Ж.Қабылова ,Г Құрманбекова , М.Сәбденовалардың ұйымдастыруымен “Егемен елдің тұтқасы -Елбасы” атты кездесу өтті.Отырар мемлекеттік музейінің кеңесшісі,археолог Алдаберген Нұртаза ағамыз және Отырар ауданының құрметті азаматы,өлкетанушы ,этнолог , әдебиеттанушы Абдулла Жұмашев қатысты.
Тәуелсіздікті тәу етіп,ежелден еркіндікті аңсаған халқымыз ұлтымыздың үміті ,мұраты анық Елбасын таңдады.
Елбасының көрегенді саясатын ел басқарудағы шеберлігін құрметті қонақтар студенттерге мағыналы естеліктерді айтып егеменді елдің еркін де батыл ұрпақтарына жарқын болашақ тіледі.