«Менің туым – менің Отаным» акциясы Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде аталып өтті

  «Менің туым – менің Отаным» акциясы Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде аталып өтті.

Іс-шараға колледж студенттері мен «Nur Otan» партиясының Отырар аудандық филиалының басшылығы және жастар қатысты.

Салтанатты жиынды «Nur Otan» партиясының Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құрман Абай Тінейбайұлы ашып беріп; өз сөзінде

Акцияның мақсаты – мемлекеттік туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу, сонымен қатар азаматтардың Мемлекеттік Туды пайдалануына және орнатуына тыйым салынғаны туралы стереотипті жою – деді. Мемлекеттік Әнұран орындалып, колледжіміздің жастар ісі жөніндегі инспекторы Сейтмұрат Жанна баяндама оқыды. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ақсақалов Дәурен Уалиханұлы осы акцияны іске асыру шеңберінде құттықтау сөз сөйледі. Әрмен қарай салтанатты жиын патриоттық әндер мен күй тартуға жалғасты.


Жарияланды: 19.03.202012:10

Автор: