ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕН ДӘУРЕНБЕК
ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕН ДӘУРЕНБЕК ҚҰРМАНБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №20 КОЛЛЕДЖДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ЖӘНЕ БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ 40 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, жалынды жастарды мерейлі мерекемен құттықтап, білім мен ізденісті серік еткен студенттерге сәттілік пен жарқын болашақ тіледі.
Мерекелік бағдарлама аясында жастардың шығармашылық қабілеті мен зияткерлік әлеуетін шыңдауға бағытталған «Жайдарман» сайысы, “Отырар мұрасыинтеллектуалдық ойын және кіші футболдан «Жастар лигасы» турнирі өткізілді.


