Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру-сапалы білімнің негізі!

Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру-сапалы білімнің негізі!
Түркістан облысының білім басқармасы, жұмысшы мамандықтар жылы аясында, Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледж базасында, №17 Арыс гуманитарлық-техникалық колледж, №18 колледж, №19 колледждерінің  инженер–педагогтерінің қатысуымен «Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» тақырыбында әдіскер Абенова Айбарша Анабайқызының ұйымдастыруымен аймақтық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: бүгінгі заман талабына сай педагогтерді-рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген, шығармашыл тұлға болып қалыптастыру, тәжірибе алмасу, шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіру және өзара ынтымақтастықты нығайту.
Баяндама оқығандар:
  «Білім беру инновация жағдайындағы колледж педагогтерінің   кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» №20 колледж әдіскері  А.Абенова
«Автомобиль көлігі саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру» №20 колледж, арнайы  пән оқытушысы Ж.Арынов
«Жалпы және арнайы пәндердің өзара ықпалдастығы- сапалы білім негізі» №18 колледж, арнайы пән оқытушысы Ф.Қорғанбаева
 «Жасанды интелекет платформаларында жұмыс жасау»  №17 колледж, физика пән оқытушысы М.Сатымбекова
   «Тігін өндірісі және киім модельдеу саласында  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  педагогтерінің кәсіби шеберлігін дамыту» Шебер сынып,  №20 колледждің  өндіріс шеберлері Г.Абиюрова, Г.Исаханова
Бұл семинар–педагогтердің кәсіби өсуіне, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды!



Жарияланды: 26.11.202512:05

Автор: