«Қаржылық қауіпсіздік алауы» – заң мен тәртіптің белгісі!
Бүгін Түркістан облысы әкімдігі мен Экономикалық тергеп – тексеру департаментінің бастамасымен Отырар ауданында «Заң мен тәртіп» акциясы аясында «Қаржылық қауіпсіздік алауы» эстафетасы ұйымдастырылды. Алау эстафетасын аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, Отырар аудандық Жастар ресурстық орталығы мамандары және Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледж студенттері қатысты.
Бұл – жастардың адалдыққа, заңға бағынуға және жауапкершілікке негізделген таңдауын білдіретін айрықша қадам.
Біз ашық айтамыз:
Заң мен тәртіп үшін!
Қауіпсіз Қазақстан үшін!
Жастар – ел болашағы!
Біздің саналы таңдауымыз – қауіпсіздік пен тұрақтылық!
Алауымыз мәңгілік жарқырай берсін






