АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ТАРИХИ САПАРЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тарихи таным» тақырыбындағы Түркістан облысының киелі жерлеріне арналған экспедицияға колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы М. Сәбденова және 3 курс студенті Э. Сидабдураманова қатысып келді.

Экспедиция барысында Ассамблея жастары мен мүшелері Қазығұрт ауданындағы «Кемеқалған» монументіне, Ысмайыл ата, Ысқақ ата сәулет кешендеріне және Бәйдібек ауданындағы киелі орын — Ақмешіт әулие үңгіріне, сондай-ақ «Қоғамдық даму» КММ басшысы Эльмира Жанғазиеваның бастамасымен «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында Сайрам ауданында ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Іс-шараның мақсаты:
ел тарихын терең таныту;
рухани мұраларды дәріптеу;
жастарды отансүйгіштікке баулу;
экологиялық мәдениет пен табиғатқа жауапкершілік қалыптастыру.

Осындай танымдық сапарлар — жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді дәріптейді.


Жарияланды: 11.11.202509:24

Автор: