Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Жемқорлыққа жол жоқ
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде топ кураторлары “Жемқорлыққа жол жоқ!” тақырыбында білім алушыларымен тәрбие сағатын өтті.
Сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып, ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі.
Мақсаты: Білім алушыларға “Сыбайлас жемқорлық “деген ұғымның не екенін түсіндіру, пайда болу жағдайлары туралы мағлұмат беру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Түркістан облысының білім басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 14 мамырдағы №28-1-3/1209-И хатына сәйкес Д.Құрманбек атындағы 20 колледжінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында «Академиялық адалдық және таза сессия» науқаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
– академиялық адалдық қағидаттарын қатаң сақтау;
– сынақ, емтихандардың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету;
– оқытушылық құрамның назарына «Академиялық адалдық» туралы және жемқорлық үшін Заңда көзделген әкімшілік/қылмыстық жауапкершілік туралы жеткізу;
– студенттерге «Таза сессия» науқаны туралы және пара/сыйлық берудің жауапкершілігін түсіндіру;
– сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша студенттер арасында анонимді әлеуметтік зерттеу/сауалнама жүргізу;
– сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болғандар жүгінуге ыңғайлы «жедел желі» байланыс арнасын қосу.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Жылдық іс – шара жоспары | ![]() |
2 | Ішкі талдау жоспары, комиссия құрамы | ![]() |
3 | Сыбайлас жемқорлық талдау бұйрығы | ![]() |
4 | Хаттамасы | ![]() |
Д. Құрманбек атындағы №20 колледждің 1 курс студенттері 301 оқу тобында физика пәнінің оқытушысы М.Мырзахметова “Терроризм және оның зардаптары” тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: білімалушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөсперімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Ішкі талдау анықтама №20 колледж | ![]() |
2 | Д.Құрманбек атындағы №20 колледж МКҚК-ң ішкі талдау іс жоспары | ![]() |
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында колледжде желтоқсанның 20-31 аралығында “Таза сессия” акциясы өтті.
Мақсаты: оқу орындарындағы емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеу және студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын насихаттау.
Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің кітапхана меңгерушісі Н.Жұмабаеваның ұйымдастыруымен 10 ақпан күні “Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” атты кітап көрмесі өтті
Көрменің мақсаты: Жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтіретін зиянын түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын сезіну.
Көрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, жемқорлық салдары, оның қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылған басылым беттеріндегі материалдар, ҚР заңдары және әдебиеттер қойылды.
“Саналы ұрпақ” клубының жұмыс жоспарына сәйкес колледжімізде топ жетекшісі А.Туребекованың ұйымдастыруымен “Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат” тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мақсаты: электрондық үкімет порталы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бір терезе принципі бойынша жеңілдету мақсатымен құрылған. Бұл мемлекеттік орындардың барлық ақпараттық ресурстарына қолжетімділіктің бір нүктесі: өкіметпен ашық диалог, құпиялылық, мемлекеттік орындар мен азаматтардың кері байланысын орнату.
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде Отырар ауданы АПБ-нің инспекторы полиция капитаны А.Орынбай мен полиция аға лейтенанты С.Абеновтың қатысуымен “Адамгершілікке жетелейтін қоғамға қадам” тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: Жастарды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету. Білім алушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыру.
9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай колледжде №289 оқу тобының топ жетекшісі С.Рысбайдың ұйымдастыруымен “Жемқорлық індет-Күресу міндет” тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Жемқорлықсыз өмір ұғымын қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіру,жауапкершілікке,әділдікке тәрбиелеу.
Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің тарих пәнінің оқытушысы Л.Уменова “ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру” тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Мақсаты:Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп қатер қатарына қояды және осы келеңсіз құбылыспен күресуде күш жігерді біріктіруге бағыттау.
Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Ж.Қабылова “Жемқорлықсыз болашағымыз жарқын” тақырыбында топ сағатын өтті.
Мақсаты: Азаматтардың жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіпсіздігін қамтамасыз ету,Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің тарих пәнінің оқытушысы Л.Уменова печа-куча форматында студенттермен “Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел” тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Жастардың бойында патриоттық тәрбиені күшейту, адамгершілікке баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде «Саналы ұрпақ» ерікті студенттер клубының жиналысы болып өтті. Клуб жетекшісі С.Шохаева клуб мүшелерін осы оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып, студенттермен ой бөлісті. Студенттер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады.
Всего комментариев: 0