Рухы биік, арманы асқақ —Қазақ елі!(тарихи-танымдық кеш)
Рухы биік, арманы асқақ —Қазақ елі!(тарихи-танымдық кеш)
Д.Құрманбек атындағы №20 колледж тарих пәні оқытушысы А.Әбдешбек Отырар Аудандық Орталық кітапханамен бірлесе отырып, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Рухы биік, арманы асқақ-Қазақ елі” тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті.
Кеш барысында тарих пәні оқытушысы А.Әбдешбек “Желтоқсан ел тарихы, ерлік тарихы” тақырыбында баяндама оқып, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Кітапханашы М.Шәріпбекова “Тәуелсіздік белестері” бейнеслайд арқылы тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерге тоқталды. Кітапхананың бөлім меңгерушісі Г.Дәулетова “Желтоқсан—Тәуелсіздік бастауы” тақырыбында деректі ақпараттармен бөлісіп, студенттердің Тәуелсіздік туралы арнауларына ұласты.
Қорытынды бөлімде кітапханашы М.Шәріпбекова “Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік” тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырып, студенттердің қызығушылығын арттырды.