Тәуелсіздікке 30 жыл!
Тәуелсіздікке 30 жыл!
Ата-баба аңсаған азаттықтың ақ таңы еншісіне бұйырған бүгінгі ұрпақ —бақытты ұрпақ. Қан мен тердің арасында қол жеткізген еркіндіктің әр сәті “Елім” деген, ел ертеңін ойлаған әр жан үшін ерекше қымбат екені даусыз.
Колледжде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік тәңірден келген сый” атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс шараны ашу үшін колледж директоры, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Бейсен Талғат Қайбылдаұлы оқытушылар мен студенттерді айтулы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, салтанатты шарада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай бүгінде еңбегі еленіп жатқан бірқатар ұстаздарға марапаттар табысталды.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.