“Желтоқсан құрбандары мәңгі есімізде”

Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің тарих пәнінің оқытушысы А.Әбдешбек Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай “Желтоқсан құрбандары мәңгі есімізде” тақырыбындағы колледж аралық онлайн-конференция өтті.
Конференцияға Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледж студенттері Е.Эргешова, С.Жолдасова, М.Ермахан, Түлкібас агробизнес және саяхат колледж студенттері А.Ачилбаева, А.Утеулі, Д.Құрманбек атындағы №20 колледж студенттері Ә.Құрманбеков, Р.Ілес, З.Жұмағұл қатысып өз шығармашылық ізденістерін ортаға салып, халық қаһармандарының игі істері туралы оқытушылар өз пікірлерін білдірді.
Мақсаты: білім алушыларды еліміздің Тәуелсіздігін қастерлеуге, соның жолында құрбан болған қаһармандарымыздың азаттық ерлігін дәріптеуге, ұлтжандылыққа, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Жарияланды: 14.12.202110:07

Автор: