Д.Құрманбек атындағы №20колледжде 1 желтоқсан –  Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағаттары өтті

Тәрбие сағатында топ жетекшілер студенттерге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолы туралы айтты.
– Қазақ халқының маңдайына біткен бақыт, тағдырына жазылған теңдессіз сый ол Елбасы. Ұлт Көшбасшысы Ұлы Даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, сындарлы сәттерде сарабдал саясатымен елді сүріндірмей, дамудың даңғыл жолына жетелеген Н.Назарбаев – ХХІ ғасырдың әлем мойындаған қайраткері. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің білім саласы көптеген жетістіктерге жетті. Ел келешегі білімді ұрпақ болса, осы ұрпақ тәрбиесінде ұлағатты ұстаздардың еңбегі орасан.

Жарияланды: 01.12.202109:02

Автор: