“Қызықты көңіл, студенттік өмір” тақырыбында студенттер қатарына қабылдау кеші өтті
17 -қараша Халықаралық студенттер күніне орай Д.Құрманбек атындағы 20 колледждің “Өзін-өзі басқару” ұйымының ұйымдастыруымен колледж табалдырығын аттаған 1курс студенттерін “Қызықты көңіл, студенттік өмір” тақырыбында студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Аталған кеште колледж директоры Т.Бейсен, тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Темірбек құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге салтанатты түрде студенттік билет пен білім кілтін табыс етті. Сонымен қатар колледж директоры қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан студенттерді алғыс хатпен марапаттады.
Құрметті Студенттер, студенттік жылдарыңыз есте қаларлықтай қызықты өтіп, пайдалы біліммен, жаңа достармен толығып, арман-мақсаттарыңызды жүзеге асыра берулеріңізге тілектеспіз! Ұстаздардың берген бағыт-бағдарымен кәсіби білікті маман болып, өз істеріңіздің шебері атаныңыздар.