«Саналы ұрпақ сыбайластыққа жол бермейді»

26.10.2021ж Түркістан қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ сыбайластыққа жол бермейді» тақырыбында «Sanaly urpaq» ерікті студенттер клубы мүшелері мен жетекшілерінің слеті өтті.
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжден «Семсер» тобы жетекшісі С.Шохаева қатысып жүлделі I – орын иеленді. Слеттің мақсаты: ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасаттылық пен адалдық, әділдік құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, парасатты тұлғаны дамыту. Жеңіс құтты болсын барша әріптес!!!


Жарияланды: 27.10.202115:56

Автор: