«1-ші қазан-Халықаралық  қарттар күніне» орай жатақхана студенттері тыл ардагері Тұрсынбаева Ұлбала апамыздың  шаңырағына  барып құттықтап, үй шаруасына көмек көрсетті. 

Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің жатақхана тәрбиешісі Ж.Махановтың ұйымдастыруымен «1-ші қазан-Халықаралық  қарттар күніне» орай жатақхана студенттері тыл ардагері Тұрсынбаева Ұлбала апамыздың  шаңырағына  барып құттықтап, үй шаруасына көмек көрсетті.
Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі.
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз!


Жарияланды: 02.10.202111:03

Автор: