ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Д. Құрманбек атындағы №20 колледж арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат екі білім ордасының арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.
Аталған меморандумның басты мақсаты:
Студенттер мен оқытушыларға кең мүмкіндіктер ұсыну;
Тәжірибе алмасуды дамыту және білім беру процесін заманауи талаптарға сай жетілдіру;
Ынтымақтастық аясында бірлескен семинарлар, тренингтер мен кәсіби бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру.
Екі білім ордасының серіктестігі- жастардың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыда дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз!






