«Шабыт шыңы» атты өнер фестивалі өтті


Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын насихаттау барысында колледжімізде «Шабыт шыңы» атты өнер фестивалі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауында атап өткендей, жас таланттарды ашу, ұлттық мәдениетті дәріптеу, шығармашылық байланысты нығайту — бүгінгі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Осы тұрғыда «Шабыт шыңы» фестивалі — өнер мен мәдениеттің мәйегін ұлықтап, жастарға мотивация мен шабыт сыйлаған тағылымды шара болды.
Кеш шымылдығы Ескендір Хасанғалиев пен Сағи Жиенбаевтың «Айналдым елім» әнімен түріліп, 60 студенттен құралған хор орындауында асқақ рухпен шырқалды.
«Ай-Керім» би тобының өнерлері, күмбірлеген күй, «Өзбекәліге арнау», «Оюлар», «Өз-өзіңді жақсы көр», «Бақыт деген не өзі?», «Жігерлендіру» көркем сөз жырлары және әуезді әндер орындалып, көріністер көрсетілді.
Сонымен қатар, бұл кеште Өзбекәлі Жәнібековтің асыл мұрасы — ұлттық құндылықтар насихатталып, оның өнегелі жолы мен тағылымы көрерменге көрме арқылы таныстырылды. Өнерпаз жастар ата-баба аманатына адалдық танытып, сол құндылықтарды келесі ұрпаққа мінсіз жеткізуге серт бергендей әсер қалдырды.
Өнерпаздардың еңбегіне әділ баға берген құрметті колледж қонақтары — Түркістан облысы білім басқармасының «Қосымша білім беруді дамыту орталығының» педагог-ұйымдастырушысы Керімбек Бексұлтан Қайратұлы, Түркістан қаласының «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» бұқаралық бөлім меңгерушісі Саметов Емен Досболұлы және Ағабекова Салтанат Сабитқызы.
Өнерпаздарды тек бағалап қана қоймай, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, көрермендер мен студенттерге ақ тілектерін арнап, жеңімпаздарды марапаттады.
Фестивальдің әсерлі, ең толқулы сәттерінің бірі — Ағабекова Салтанат Сабитқызының колледжіміздің 3-курс студенті Төрехан Жұбанышқа М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне жолдама табыстауы болды.
«Шабыт шыңы» — тек бір күндік фестиваль емес, ол — жүректерге от беріп, армандарға қанат бітірген, өнер арқылы өмірге деген сүйіспеншілікті арттырған ерекше рухани белес.
Фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірбек Бақыт Ержігітұлына, жастар ұйымының төрайымы Айжан Қырғызбайға және оқытушыларға алғыс айтамыз.


Жарияланды: 17.04.202616:29

Автор: