Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!

Бүгін аудандық полиция бөлімінде интернет-алаяқтық мәселесіне арналған жиналыс өтті. Қазіргі таңда есін біліп бастаған баладан бастап, үлкен жастағы азаматтарға дейін ұялы телефон, ноутбук және түрлі гаджеттерді пайдаланады. Бұл жағдай интернет алаяқтары үшін үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
Осыған байланысты интернет-алаяқтық қылмыстарының келесі түрлері кеңінен таралуда:

Банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері немесе құқық қорғау органының өкілі ретінде қоңырау шалу;
Тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем талап ету;
Мессенджерлер (WhatsApp, VK, Instagram) арқылы танысыңыздың атынан қарызға ақша сұрау;
Инвестиция салу немесе «ақшаны тез көбейту» туралы жалған ұсыныстар;
Байланыс операторының қызметкері ретінде хабарласу (ACTIV, TELE2, BEELINE);
«Қазпошта» қызметкері ретінде таныстырып, сәлемдеме немесе төлем туралы жалған ақпарат беру;
Дропперлік тәсіл – алаяқтық жолмен алынған ақшаны үшінші тұлғалардың банк шоттары арқылы өткізу.
ЕСКЕРТУ:
Қазіргі заманның қылмыскерлері интернет желісін кеңінен пайдаланып отырғандықтан, интернет-алаяқтыққа алданбау үшін әрбір азамат әлеуметтік желілердегі хабарламаларға, белгісіз нөмірлерден шалынған қоңырауларға және келіп түскен SMS-хабарламаларға барынша мұқият болу қажет. Күдік тудыратын қоңыраулар мен жарнамаларға сенбеуге кеңес берілді.
Отырар аудандық полиция бөлімі!


Жарияланды: 21.01.202614:53

Автор: