ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАУ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
Түркістан облысы білім басқармасының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №25/8263 хатына сәйкес, Д.Құрманбек атындағы №20 колледжі «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Созақ ауданы №1 колледжіне челлендж жолдайды!
ҚР Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, колледж директоры Қордашбеков Бақдәулет Жақсылықұлы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жархынбеков Талапжан Сағатқұлұлы бір қатар колледж қызметкерлеріне алғыс білдіріп, колледжімізде өндірілетін «Отырар» сабынын сыйға тартты.
Жылы лебіз бен сыйластықтың көрінісі, еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі болғаны анық. Бұл кішкетай әрекет әрбір адамның бойына мейрім мен қуаныш сыйлады.
#ҚарапайымЖұмысшылардыҚұттықтау, #ПоздравлениеПростыхРабочих


