ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ РЕТІНДЕ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ РЕТІНДЕ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТЕДІ. БҰЛ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫНЫҢ БІРІ, ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС.
Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледж МКҚК-да Республика күніне және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына орай № 05-1-054/7009-И хатына сәйкес ауданымыздың Орталық кітапхана,  аудандық Жастар  ресурстық орталығының мамандары және 10 айлық студенттердің қатысуымен «Республика күні-тәуелсіз елдің бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Республика күнінің тарихи және рухани маңызын түсіндіру, студенттердің отаншылдық сезімін арттыру, ел тарихына деген қызығушылығын ояту.
Дөңгелек үстел барысында:
Республика күнінің мәнін, мазмұнын түсіндіру;
Жастар арасында Отансүйгігіштік сезімді күшейту;
Қоғам бірлігін арттыру;
Еліміздің рухани дамунына үлес қосу;
Қуатты, Әділетті, Қауіпсіз және таза Қазақстан құруды дәріптеу.

Жарияланды: 23.10.202508:52

Автор: