«2025 ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ БАСТАМА”2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы маңызды қадам.
Елімізде 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы – техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңа даму кезеңіне жетелейтін маңызды бастама. Бұл – еңбек адамының мәртебесін көтеруге арналған тарихи назар, кәсіби-техникалық маман даярлаудың маңызын арттыруға бағытталған нақты қадам. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін нығайту – білікті жұмысшы мамандарсыз мүмкін емес.
Осы орайда, «Д.Құрманбек атындағы №20 колледж» МКҚК директоры Бақдәулет Жақсылықұлының бастамасымен өңірдегі өндіріс орындарымен іскерлік байланыс орнату бағытында маңызды кездесу өтті. Колледжімізге арнайы іссапармен келіп, әріптестік ниет білдірген:
«Заречное бірлескен кәсіпорны» АҚ бас директоры – Нұржанов Қанат Есенгелдіұлы,
Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі менеджері – Хайруллаев Даурен Абайұлы,
«SNURDC» акционерлік қоғамының өкілі – Чжан Фэн
колледжіміздің оқу-әдістемелік жүйесімен, материалдық-техникалық базасымен танысып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында:
✅ кадрларды өндіріс талаптарына сәйкес мақсатты даярлау,
✅ дуальды оқыту жүйесін нығайту,
✅ кәсіптік тәжірибені өндіріс орындарында ұйымдастыру,
✅ түлектерді жұмыспен қамту мәселесін жүйелеу,
✅ жаңа мамандықтар ашу және мамандық аясын кеңейту
сияқты өзекті бағыттарда келісімдер жүргізілді.
Әлеуметтік серіктестерімізбен ынтымақтастық – колледж дамуының стратегиялық бағыты. Бұл – студенттеріміз үшін нақты өндірістік тәжірибе мен сенімді болашақтың кепілі. Ынтымақтастықтың алғашқы нәтижесі ретінде серіктес компаниялар колледжімізге 6 дербес компьютер және 4 принтер тарту етті. Бұл – бірлескен жұмыстың бастамасы ғана, алдағы уақытта өзара қолдауға негізделген көпжақты жобалар жүзеге асатынына сенім мол.
Жақын күндері колледжіміз бен өндірістік кәсіпорындар арасында ресми меморандумға қол қою жоспарлануда. Бұл құжат – кәсіби білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің білім алып қана қоймай, еңбек нарығына сенімді қадам басуына жол ашады.
Елбасы сөзімен айтқанда:
«Қоғамның тірегі – еңбек адамдары. Еңбек – мемлекет дамуының негізі».
Біз осы қағиданы басшылыққа ала отырып, еңбек нарығына лайық, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті жұмысшы кадрлар даярлау ісін жалғастыра береміз. Өндіріс орындарымен өзара тиімді серіктестікті кеңейту – біздің стратегиялық даму бағытымыз.
Әлеуметтік серіктестерімізге білдірген сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Бірлесіп атқаратын игі істеріміз алда көп боларына сенімдіміз.