«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек.» деді.
Жұмысшы мамандарды даярлайтын колледжімізде жаңа оқу жылында пәндік циклдік комиссия жетекшілері жастардан тағайындалып, осы орайда оларға әдістемелік көмек беру мақсатында ҚР БҒМ 29.11.2007 жылғы «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №583 бұйрығына сәйкес директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Т.Жархынбеков пен әдіскер А.Абенова ПЦК жетекшілеріне оқыту семинарын өткізді.