Skills.Enbek.Kz платформасы – электрондық еңбек биржасы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2025 Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар» жоспарының 29-тармағын «500000 мектеп оқушысы мен колледж студенттеріне мансап орталықтары» арқылы «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларына үйретуді ұйымдастыру бойынша Отырар аудандық «Мансап» орталығының мамандары Б. Бексұлтанов пен П. Ерғараев және директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Т. Жархынбеков ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып биылғы бітіруші 274 студенттердің Skills.enbek.kz платформасымен жұмыс жасау керектігін оқу тобының жетекшілері мен өндірістік оқыту шеберлеріне таныстырды.