Д.Құрманбек атындағы 20 колледжінде «Біздің бірлігіміз-болашақтың білімінде» атты облыстық өнер фестивалі өткізілді
Фестиваль мақсаты:
– талантты балаларды сахна төріне шығару;
– ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау;
– отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, Туының, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін,тарихын білуге тәрбиелеу.
Өнер фестиваліне Түркістан облысы білім басқармасының, қосымша білім беруді дамыту орталығының саз жетекшілері Мырзарайым Әбдікерімұлы, Алмат Нұртасұлы және М.Әуезов атындағы университеттің аға оқытушысы Салтанат Сәбитқызы төрелік жасады.
Фестиваль шымылдығы көркемөнерпаздар хор ұжымының орындауында «Аманат» әнімен ашылды. Студенттер ән айтып, би билеп, көркем сөздер оқылып, сахналық қойылымдар көрсетіп және КТК командасы әзілдері көрермендердің көңілін бір серпілтті.
Өнер фестивалінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы әрбір қатысушының өнері мен олардың жетекшілерінің еңбектерін бағалап, үздіктерді анықтап, колледж директорының «Алғыс хатымен» марапаттады.
«Біздің бірлігіміз–болашақтың білімінде» атты фестиваль жас таланттарының өнерге деген құштарлығын арттырып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтты. Бұл шара жас өнерпаздардың шығармашылық жолына жол ашады деп сенеміз. Байқауды ұйымдастыруға атсалысқан барлық оқытушыларға және студенттерге алғыс білдіреміз!
#біртұтас_тәрбие
#жұмысшымамандықтаржылы
#ӨнерФестивалі