“Ісім онсың десеңіз- сол істің маманы болыңыз”

Д.Құрманбек атындағы 20 колледжде 2025 жылдың 01-10 сәуір күндері аралығында «Технологиялық пәндер» циклдік комиссиясының онкүндігі өтеді.

01-сәуір күні «Технологиялық пәндер» циклдік комиссиясының жетекшісі Венера Ерназарова мен цикл мүшелерінің ұйымдастыруымен “Ісім онсың десеңіз- сол істің маманы болыңыз” тақырыбында онкүндігінің ашылу салтанаты болды.

Мақсаты:

Студенттердің өздері таңдаған мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық жұмыстарға баулу және ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

«Технологиялық пәндер» циклдік комиссия құрамына «аспазшы», «арнайы тігінші», «жеміс көкөніс өсіруші» мамандықтары кіреді.

Онкүндік барысында арнайы пән оқытушылары мен өндіріс шеберлері студенттермен бірге өз мамандықтарын дәріптеу мақсатында ашық сабақтар мен шебер сыныптар ұйымдастырып, жоғары деңгейде қызықты өтуіне бар мүмкіндіктерін жасауда.


Жарияланды: 03.04.202507:36

Автор: