Көрісу күні

Құрметті әріптестер!

Д.Құрманбек атындағы №20 колледж ұжымын бүгінгі Көрісу күнімен, Амал мерекесімен құттықтаймыз!

Көрісу күні – Наурыз мейрамының бастауы.Қыстан аман -есен шығып қауышқан ел бір-бірімен көрісіп,өткен жылғы өкпе- ренішті кешіріп, жаңа жылды жақсы үмітпен қарсы алады.

Көрісу күні тек Наурыздың басталуы ғана емес, тәрбиенің ,өнегенің бастауы.Бұл күні үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетіліп, көріскендер “Бір жасыңмен» деп бата тілек айтады.Ал халқымызда “Батаменен ел көгереді”деген аталы сөз бар.

Еліміздің береке бірлігі ,ынтымағы арта берсін!Наурыздан наурызға төрт көзіміз түгел болып, аман -есен жете берейік!

Көрісу күні, Амал мерекесі құтты болсын!


Жарияланды: 15.03.202509:11

Автор: