“Кәсіби пәндер” бірлестігінің онкүндігі

Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялауын негізге ала отырып, Д.Құрманбек атындағы 20 колледж “Жұмысшы мамандық -болашақтың негізі, кәсіби шеберлік -оның қанаты” тақырыбында “Кәсіби пәндер” бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Ашылу барысында оқытушылар мен білім алушылардың белсене қатысуымен мамандыққа байланысты өлең жолдары, әндер, ақпараттар айтылды.
Мақсаты: Жұмысшы мамандықтарды насихаттау, кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру және жастарды еңбек нарығына дайындау. Білім алушыларды жұмысшы мамандығына тарту- еліміздің болашағы үшін маңызды қадам.

Жарияланды: 26.02.202509:29

Автор: