Қазіргі топ жетекшінің миссиясы қандай?

Бүгін Д.Құрманбек атындағы №20 колледж базасында Түркістан облысының білім басқармасының, Білім беруді дамыту орталығының “2025- Жұмысшы мамандықтары жылы” іс-шаралар жоспарына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» кафедрасының тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Нармухамедова Клара Балташқызының ұйымдастыруымен «Қазіргі топ жетекшісінің миссиясы қандай?» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Түркістан қаласынан «Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінен Арыс қаласынан №17 колледжден әріптестер қатысты. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» дегендей: іс-шара барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша педагог-мінезгерлер, әлеуметтік-педагогтар және топ жетекшілері еркін форматта пікір алмасып, тренингтер өткізілді.
#біртұтас_тәрбие
#жұмысшымамандықтаржылы

Жарияланды: 24.01.202515:11

Автор: