«Таза сессия» акциясы
2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу барысында колледж студенттерінен сауалнама алынып түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Акция аясында колледж білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді: «Сенім жәшігі» бар, оған студент өз сұрақтары мен пікірлерін жібере алады, стендтерге тиісті үгіт-насихат плакаттары ілінген.