Тәуелсіздік-ел тірегі!

Д.Құрманбек атындағы 20 колледжде топ жетекшілер циклдік жетекшісі А.Туребекованың ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік- ел тірегі!” тақырыбында білім алушылар арасында суреттен байқау өтті.
Мақсаты: Студенттер Тәуелсіздіктің қасиетін түсіну, білім алушының ойын жеткізе білу мен тіл байлығын дамыту. Отан-ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету. Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер еліміздің көк байрағын желбіретер, ата бабамыздың асыл мұраларын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз. Өз Отанына, туған жеріне әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін ойын айта білу қабілетін дамыту. Студенттер Тәуелсіздікке байланысты суреттер салды.
Байқау нәтижесінде: І орын – 304 оқу тобы Э.Сидабдураманова.
ІІ орын – 324 оқу тобы.
ІІІ орын – 317 оқу тобы.
Қалған қатысушылар номинация алды.

#біртұтас_тәрбие



Жарияланды: 18.12.202413:29

Автор: