Адалдық – адамгершілік белгісі дебаты
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Д. Құрманбек атындағы колледжде тарих пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен “Адалдық – адамгершілік белгісі” тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты – адалдықтың адам өміріндегі рөлін, оның қоғамдағы орнын және адамгершілік тұрғысынан қаншалықты маңызды екендігін түсіну. Дебат барысында студенттер адалдықтың қоғамға пайдасы, адамдар арасындағы адалдық жолы арқылы әділеттілікке қол жеткізу бағыттарын ұсынып, қызу пікірлерді ортаға салды. Бұл қасиеттер адамның рухани дамуына және қоғамдағы әділдікке ықпал етеді.