“Ұлттық валюта” күніне орай кіші футболдан мекемеаралық аудандық жарыс өтті
Отырар спорт клубының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 13 қараша күні “Ұлттық валюта” күніне орай кіші футболдан мекемеаралық аудандық жарыс өтті. Мақсаты: Мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс нәтижесінде колледжіміздің қызметкерлері жүлделі ІІ орынды иеленді. Әріптесіміз Досжанов Бақтияр ағайымыз “Үздік қақпашы” номинациясын алды.
Құттықтаймыз!!!