“Отбасы-тәрбие бастауы”

Д.Құрманбек атындағы 20 колледжде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Отбасы-тәрбие бастауы” тақырыбында ІІ курс ата-аналары арасында жиналыс өтті.Жиын барысында ата-аналардың өмірде де, интернет кеңістігінде де балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселесі талқыланды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Темірбек жаңа оқу жылынан бастап барлық оқу топтарында апта сайын сынып сағаттары аясында “Қауіпсіздік сабақтары” өтіп жатқандығын хабарлады. Білім алушыларды интернеттегі тәуекелден қорғану, өзін-өзі сақтау дағдыларын дамыту және түрлі қауіп-қатерлер жағдайында дұрыс әрекет ету қажеттігін де тілге тиек етті. Жиналыста ата-аналарға қатерлерді дер кезінде тану және оның алдын алу үшін қандай шаралар қабылдау керектігі жөнінде түсіндірді. Олардың негізгілерінің қатарында баланың мінез-құлқы мен әлеуметтік желілердегі белсенділігін бақылау және білім ордасындағы құрдастарымен қарым-қатынас мәселесі де айтылды. Жиналыс барысында ата-аналар өз ойларын ортаға салды.


Жарияланды: 27.09.202414:16

Автор: