“Тіл – әр ұлттың асыл қазынасы”
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Мойынбаеваның жетекшілігімен 1 курс білімалушыларымен “Тіл – әр ұлттың асыл қазынасы” атты тақырыпта кураторлық сағат өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақ ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге,ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу.
Б.Момышұлы атамыз:”Тілін білмеген- түбін білмейді “деген.Шынында,тілін білмеген адам өз халқының тарихын,дәстүрін,мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе?Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.
Болашағымызды баянды етер қаруымыз- тіліміз.Ана тілімізді құрметтей білейік!