Отбасы күні аталып өтуде
04 қыркүйек күні «Отбасы күнін» атап өту мақсатында Д.Құрманбеков атындағы №20 – шы колледж студенттерімен кездесу болып өтті. Кездесуге ауданның ардагер ұстазы М. Имансарықызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Бейсенбиев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің теолог маманы Н.Нұржанқызы, Психолог маман Л.Мұратқызы қатысты. Шара барысында спикерлер тарапынан отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, студенттердің бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, отбасының адам өміріндегі маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында жастар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді.