Бүгін колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына байланысты “Тәуелсіздік таңы Мәңгілік!
Бүгін колледжде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына байланысты “Тәуелсіздік таңы Мәңгілік!” атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.Аталған іс -шараны топ жетекшілер Н.Төлебаева және Н.Мойынбаевалар ұйымдастырды.Іс-шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Темірбек ашып берді.
Б.Темірбек шәкірттер мен колледж қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуымен құттықтап,жастарға бұл Егемендік оңайлықпен келмегенін айтып өтті. Тәрбие сағатының барысында II курс №288 оқу тобының студенттері биімен ерекшеленсе, №281 оқу тобында оқитын шәкірттеріміз кешті патриоттық әндерімен әуелетті.