«ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ» тақырыбындағы әдістемелік десанттық болып өтті
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмысына байланысты 2022 ж 26.10–28.10. күндері Отырар ауданы, Шәуілдір ауылыныда Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің базасында «ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
тақырыбындағы әдістемелік десанттық болып өтті.
Әдістемелік десанттың мақсаты: білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ ұйымдарында педагогтік лауазымдарды атқаратын оқытушыларды аттестаттаудан өткізу тәртібімен, реттеуші нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.
Әдістемелік десанттың міндеттері:
- педагогтердің аттестаттауға қатысуға дайындық деңгейін анықтау;
- ұстаздардың ұлттық біліктілік тестілеуге дайындығын жетілдіруге бағытталған жұмыстарды үйлестіру;
- ТжКБ педагогтерін аттестаттау үрдісі туралы ақпараттандыру;
- біліктілік деңгейін жоғарылату үшін қажет нормативтік-құқықтық Ережелерін түсіндіру;
- әдістемелік жұмыстарды жүргізу мәселесінде қолдау көрсету, әдістемелік құжаттармен жұмыс, оқу үрдісін жүргізу жұмыстарын жүргізу;
- педагогтердің білім беру бағдарламаларын жасаудағы құзыреттіліктерін арттыру;
- әдіскерлердің оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдарын әзірлеу құзыреттілігін арттыру
Әдістемелік десанттан күтілетін нәтижелер:
- Біледі: педагог қызметкерлер ҰБТ дайындық деңгейін арттырады, нормативтік-құқықтық қағидаларын игереді;
- Жүзеге асыра алады: дайындық жұмыстарын нормативтік-құқықтық ережелер негізінде жүргізіп біліктіліктерін жоғарылату, растау мақсаттарын жүзеге асыра алады.