“Өнерлі ұстаз – 2022”
“Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында “Өнерлі ұстаз -2022” байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Ұстаздардың тарихи танымдығын, педагогика- психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау. Байқау қорытындысы бойынша колледжіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Болысбаева Сандуғаш Тұңғышбайқызы 1 орын иеленіп, 1 – ші дәрежелі диплом, 80000 теңгелік сертификат және арнайы алғыс хатпен марапатталды. Ұжымдасымызға еңбекте табыс, шығармашылық шабыт, отбасына амандық тілейміз.