«Дені сау ұрпақ-ел болашағы»
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» айдарымен волейбол жарыс өтті.
Мақсаты: Спортты дамыту, жастар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, жастардың кәсіби біліктіліктерін арттыру болып табылады. Бәсекеге 10 команда қатысып, бақтарын сынасты.
Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай қорытындыланып, І орынды 286 оқу тобы, ІІ орынды 291 оқу тобы, ІІІ орынды 288 оқу тобы иеленді.
Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар дипломдармен марапатталды.