ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ МҮШЕЛЕРІН ҚАЙТА САЙЛАУ
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ МҮШЕЛЕРІН ҚАЙТА САЙЛАУ
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде жаңа оқу жылының басталуына байланысты колледждегі «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері қайта сайланды. «Өзін-өзі басқару» ұйымының мақсаты мен міндеттері:
«Жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру».
Міндеттері:
1. Жастардың отансүйгіштік қасиетін дамыту;
2. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуді дербес жүзеге асыруына жағдай жасау;
3. Жастардың қоғамдық, шығармашылық, инновациялық бастамаларын қолдау;
4. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;
5. Жастардың ұйымдастыру қабілеті мен іскерлік белсенділігін қалыптастыру;
6. Жаһандану жағдайында мәдениет, ілім-білім саласында заманауи үрдістерге сай үздіксіз даму әрекеттерін жүзеге асыру;
7. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау.
Кездесуде өзін -өзі басқару ұйымы студенттік парламент Президенті болып №288 тобының ІІ-курс студенті Омаров Бинұр жастардың бірауыздан қолдауымен сайланды.
Вице президент- Ермахан Дінмұхаммед №291оқу тобының студенті.
Ақпараттық талдау және қоғамдық даму министрі –Сусар Наурыз І курс студенті. Білім министрі- Құралқызы Баян ІІ курс студенті.
Құқық және тәртіп министрі- Ақмырза Данияр ІІ курс студенті.
Мәдениет және спорт министрі- Уалихан Қайырхан болып сайланды.
Барша белсенді жастарды құттықтаймыз! Білім ордамыздың көркеюіне өз үлестеріңізді қосады деп сенеміз!